Рус

Жаңалықтар

Компания басшылары құрылыс нысандарын аралады

02 тамыз, 2019

Биыл «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында жалпы құны 800 млн. теңге тұратын жаңадан алты әлеуметтік нысан салынып жатыр. Бірнеше ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізілуде. 30-шілде күні бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров пен күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директор Бисен Ратов  құрылыс барысымен танысу мақсатында бірнеше өндірістік нысандарды аралады.

Өндірісті аралау-жақын арада пайдалануға берілетін №1 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасының әкімшілік ғимаратынан басталды. Мердігер мекеме «Қараойқұрылыс» ЖШС учаске басшысы Қожа Үбиевтің айтуынша, бүгінде 98 пайызы бітіп тұрған, жобалық құны 212 млн. теңгені құрайтын, заманауи құрылғылармен жабдықталған ғимарат 15-20 күнде толық пайдалануға берілмек. 

Басшылар №1 Мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты №8, 11 мұнай-газ өндіру цехтарының әкімшілік ғимараты және асхана жұмысымен танысты. Мұнай дайындау және өндіріске қызмет көрсету басқармасындағы аумағы 20 000 м3 су тұндыру қазандығының құрылыс қарқынын көріп, күрделі жөндеуден өтіп жатқан химияландыру және экология басқармасының зертханасы мен «Медикер» ЖШС ескі ғимаратында болды.

Жұмысшыларға қолайлы еңбек жағдайын туғызып, жұмыс қарқынын арттыру мақсатында Скважиналарға қызмет көрсету басқармаларында да қызу құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтсақ, қазіргі таңда №3 СҚКБ автотізбектерді жөндеу бокстары, тізбек басшыларының әкімшілік ғимараты, қойма күрделі жөндеуден өткізіліп, кіреберістегі шлагбаумдар жаңартылды. Жақын күндерде 51 техникаға арналған шатырдың құрылысы басталмақ. №2 СҚКБ көліктерге арналған ангар салынып жатыр.

-Құрылыс жұмыстарының көп бөлігін «Кенқұрылыссервис» ЖШС жүргізуде. Бүгінгі барған нысандар – бүкіл өндіріс аумағында атқарылып жатқан құрылыстың бір парасы ғана. Жұмысшыларымыздың еңбек жағдайын жақсарту бағытындағы іс-шаралар тізбегі алдағы уақытта да үздіксіз жалғаса бермек, - деді Мақсат Ибағаров. 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы