Рус

Жаңалықтар

Жайдарман жылылық сыйлады

26 қыркүйек, 2019

«Мұнайшы» мәдениет сарайында Арғынбек Қалбайдың жүргізуімен 8 команда қатысқан «Жайдарман» ойны өтті.

Ойынды Райым және Наурыз (АжТБ) ашты. Алғашқы болып бастағандікі болар, жігіттер қапелімде образға кіре алмай, абдырап қалғандай әсер қалдырды.

№2 МГӨБ командасы барынша тырысып бақты. Жайдарманға күшеніп ойнаған жүрмейді. Көрерменді қытықтап күлдіре алмайсың. Талант керек. Бұл команданың әділқазыларға айтқан «Қазіргі қала әкімінің біздің басқармадан шыққанын білетін шығарсыңыз. Орын беретін кезде осыны ескеріңіз. Әкімнен ұят болып қалмасын»-деген назы жымиыс туғызды.

№3 МГӨБ командасы әзілдері өте сәтті шықты. Нұрсұлтанның екі түрлі балағы бар шалбармен шығып «бұл - басшылардың бір аяғыңмен штатқа өтіп тұрсың дегенін білдіреді» - деген әзілі сәтті шықты.

Өздерін өзгеше қырынан көрсеткен ХжЭБ командасы көрермендерді күлкіге қарқ қылып, ойынның «жұлдызына» айналды.Команданы өрге сүйреген Қайраттың «өндірістік аймақта жұмыс жасаған ауыр. Жігіттердің шаштары түсіп, жақтары солып қалды. Әйтсе де асханасы жақсы!»-деген әзілі көрермендерді ду күлдірді. Команданың бүгінде көбейіп кеткен тренинг туралы көрінісі де көпшілік көңлінен шығып, нысанаға дәл тиіп жатты. Тренингтің «Еркек қайткенде еркек болып қалады» деген тақырыбының өзі езуіңе еріксіз күлкі үйіреді.

Ойынға ТТБ командасының дайындықпен келіпті... Ойындарын жүргізушілер әріптестері Болат Самалаевтың әсем әнімен аяқтады. ӨЭМБ командасы өз деңгейінен көріне алмады. Ойынның өн бойынан қаланың су жаңа әкімі Мақсат Ибағаровқа деген тілеулестік пен әлем чемпионы жерлесіміз Бекзатқа деген құрмет сезіліп тұрды. Жұртшылықпен байланыс департаменті директоры Әділ Сүйебай төрағалық еткен әділқазылар алқасы бас жүлдеге ХжЭБ, 1-орынға «Бұрғылау» ЖШС, 2-орынға №3 МГӨБ, 3-орынға ӨЭМБ мен ТТБ командалары лайық деп тапты. «Үздік ойыншы» атағы Наурызға (АжТБ) берілді. Жеңімпаздарға диплом мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы