Рус

Жаңалықтар

Әлсізді қолдау - азаматтық парызымыз

02 қазан, 2019

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырған қайырымдылық жобасы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Алға» мүгедектер клубына сатып алынған жабдықтарды «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директорының адами ресурстарды дамыту жөніндегі орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев бастаған компанияның бір топ басшылары спортшыларға салтанатты түрде табыстады.

«Алға» мүгедектер клубы 1993-жылы құрылып, отырып ойнайтын волейболдан өткен халықаралық, республикалық, облыстық сайыстарға қатысып жүр. Рухы мықты жігіттер жарыстардан  жүлделі орындар иеленіп, қаламыздың мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатып келеді.         

«Дүбірлі додаларда еліміздің намысын қорғап жүрген өздеріңізге біз өте ризамыз. Сіздерге спорт түрімен айналысуға мүмкіндік жасау-біздің азаматтық парызымыз. 12 мүшесі сау бола тұрып, өмірге шағымданатын кейбір жігіттер үшін, өмір керуеніне ілесіп қана қоймай, биіктерді бағындырып, жетістіктерге жетіп жүрген сіздердің өмірлеріңіз үлгі»-деді Бауыржан Мамбетсапаев.

Өмір барда, үміт бар. Жақсы сөз жанды сауықтырады. «Сынақты сүйген құлыма беремін»-дейді екен Алла Тағала. Иә, адамға адам көмектеспесе, қол ұшын бермесе, өмірдің мәні бар ма?!

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы