Рус

Жаңалықтар

Қыркүйек айын қорытындылау жиналысы өтті

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас ғимаратының акт залында қыркүйек айын қорытындылау жиналысы өтті. Жиналысқа бас директор Есен Өтеев, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Нұржан Әбдірахманов, департамент және басқарма директорлары қатысты. Күн тәртібінде компанияның 2019-жылдың қыркүйек айы мен жыл басынан бергі негізгі көрсеткіштерінің орындалысы талқыланды.

Сөз алған бас директор кадрлық өзгерістерге тоқталып, Айтқали Бәшенов «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары, Өсербай Тұрсабеков бас директордың қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орынбасары және басқарма мүшесі, Аманжол Әбиев механикалық департамент директоры болып тағайындалғанын айтып, әріптестерін жаңа қызмет орнымен құттықтады.

Жиын барысында басқарма директорлары атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, баяндама жасады. Ай қорытындылау жиналысында мұнай өндіру және тапсыру көрсеткіштерінің орындалуы, бұрғылауды қабылдау және іске қосу көрсеткіштерінің орындалуы, мұнай өндіретін және қабатқа су айдайтын скважиналардың қор қозғалысы, газ балансы, теңіз және ілеспе суларды пайдалану, скважиналарды күрделі жөндеу жұмыстарының орындалысы және қоры, Скважиналарды жерасты жөндеу жұмыстарының орындалысы, ШТСҚ параметрлерін оңтайландыру шараларының орындалысы, мұнай өнімін арттыру технологиясын мен электр энергияны тиімді қолдану, скважиналарды өңдеу, 2019- жылғы күрделі құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалысына байланысты есеп берілді.

 Жоспар бойынша қыркүйек айында 466 250 тонна мұнай өндіріліп, жоспар 101,51 пайызға орындалған. Жыл басынан бері 4 172 145 тонна мұнай өндірілген. Бұл өткен 2018- жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 70045 тоннаға артық. Газ өндірісі көрсеткіші бойынша қыркүйек айында 44,687 млн.м3 газ өндіріліп, 21 скважина қабылданған. Күрделі құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалысына 2 351 806 000 теңге қаржы жұмсалған. Жиында  қазан айына жоспарланған геолого-техникалық шаралар жиынтығы сөз болды. 

Жыл басынан бері компанияда еңбек қауіпсіздігінің сақталмау салдарынан 6 жазатайым оқиға тіркелген. Есен Оғланұлы орын алған жазатайым оқиғалардың егжей-тегжейлі тексерілу қажеттігіне тоқталып өтті. Жиын соңында бас директор барлық басқарма директорларына нақты тапсырмалар беріп, жұмыс дер кезінде орындалмайтын болса, жауапты азаматтарға қатаң шара қолданылатынын ескертті.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы