Рус

Жаңалықтар

Кәсіподақ күні тойланды

Бүгін оқушылар шығармашылық үйінің концерт үйінің концерт залында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күні және «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағының 55 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік кеш шымылдығын «Шұғыла» би ансамблі «Шашу» биімен ашты.

Шараға қала әкімі Мақсат Ибағаров, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының адами ресурстарды дамыту жөніндегі орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев, «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наурыз Сақтағанов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.

Бауыржан Мамбетсапаев бас директордың Құттықтау хатын Наурыз Сақтағановқа тапсырды. Өз кезегінде Наурыз Сақтағанов бір топ азаматтарға ҚР Кәсіподақтар федерациясының Алғыс хатын, Мұнай саласы кәсіподақ ұйымының медалін және облыстық кәсіподақтар федерациясы Грамотасын тапсырды. №1,2,3,4 МГӨБ кәсіподақ төрағалары Ибрагим Сатыбаев, Бекқали Уақбаев, Валерий Қаржаубаев, Ибайдулла Әмеловтер Төс белгімен марапатталды.

Жұмыс беруші мен қарапайым жұмысшы арасында алтын көпір бола жүріп, компаниядағы мұнайшылардың әлеуметтік мәселелердің шешілу жолында ұшан-теңіз еңбек сіңіріп, шелектеп тер төккен кәсіподаққа қандай құрмет көрсетілсе де артық болмайды.

Мерекеде мәдениет саласының үздігі Асқар Көшеров, Жанар Нұрмұханова, «Керуен» тобы, Нұрлыбек пен Нұрхат, «Өзенмұнайгаз» құрамасы жайдарманшылары өнер көрсетті.

P.S. Ұлтым десе жалаңаш қолымен от көсейтін қазақ жігіттері аман болсын!

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы