Рус

Жаңалықтар

Гүлжан Досанқызына құрмет көрсетілді

Шығыс ойшылдарының айтуынша адам ғұмыры үш-ақ күндік көрінеді ғой. Кеше, Бүгін, Ертең... Бүгін архивариус Гүлжан Досанқызы Жақсығалиеваны құрмет демалысына салтанатты түрде шығарып салу шарасы өтті.

Шараға бас директордың адами ресурстарды дамыту жөніндегі орынбасары Бауыржан Сайлаубайұлы, персоналды басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі басқарушы директор Ермек Сүйесінұлы қатысып, Гүлекеңе тәтті сөздерін арнады.

Айналасына шапағат нұрын шашып жүретін, әрбір таңын күліп қарсы алып, шүкіршілікпен шығарып салатын, ғұмырында айналысатын сүйікті ісі мен мағыналы тірлігі бар Гүлжан Досанқызы сияқты жандар ешқашан жылдарға бағынбайды.

Тойыңа жұрт жиылсын,

Жүзіңе нұр құйылсын.

Дәл осындай демалыс,

Біздерге де бұйырсын!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы