Рус

Жаңалықтар

№5 СҚКБ оқу жаттығу өте жоғары деңгейде өтті   

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты №5 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасында 16-қазанда  белгіленген кестеге сәйкес «Өрт болған жағдайда жеке құрамның әрекеттері» атты тақырыпта оқу-жаттығу өткізілді. Бұл шараға инженер-техникалық қызметкерлері мен жөндеу механикалық цехы, бас механикалық бөлімінің жұмысшылары қатысты. Жаттығудың мақсаты: жұмысшыларды өрт сөндіру құралдарымен таныстыру, өрттің түрлері мен оны сөндіру кезіндегі қызметкердің қауіпсіздігі туралы түсінік қалыптастыру, өрт болған жағдайда жеке құрам мен қызметкерлерді жедел әрекет етуге үйрету болып табылады. Оқу жаттығу бағдарламасы бойынша, сағат 15-00-де «Өрт шықты»-деген дабыл соғылып, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жеткенге дейін құтқарушылар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өрт ошағын сөндіруге кірісе бастады. «Тілсіз жау» басқарма ғимаратының бірінші қабатында тұтанып, жан-жағына тарай бастады. Адамдар құтқару қызметі келгенше, қауіпсіз жерге көшірілді. Жеңіл жарақат алғандар да бар. Эвакуакциялық орындарға жеткізілген адамдардың тізімі жасалды. Апат болған жерге сағат 15:03-те «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС «Камаз» арнайы көлігі келіп, өрт сөндіруге кірісті. Бір цистернаға су, екіншісіне көбік шашылды. Сағат 15:05-те «Медикер плюс» ЖШС жедел жәрдем қызметі келді. Тез арада төтенше жағдай салдарынан жарақат алған, бас механикалық бөлімінің инженері Қ.Дүйсенбаевқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрт сағат 15:30-да толықтай өшірілді. Оқу жаттығу барысында қатысушыларға өрт сөндіргішті қолдану, қауіпсіздік ережесі туралы нұсқаулық жүргізіліп, кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығу кезінде 1 дана өрт сөндіру техникасы, 1 дана жедел-жәрдем автокөлігі, басқарма жеке құрамынан 19 адам жұмылдырылды. Мұндай оқу-жаттығулар жұмыскерлерді төтенше жағдайларда дұрыс және шұғыл іс-әрекет етуге дайындайды, кемшіліктерді алдын-ала анықтап, сақтандыру шараларын жасауға көмектеседі.

Басқарма басшылығы тарапынан оқу жаттығу барысы қадағаланып, бірқатар тапсырмалардың орындалуы бағаланды. Оқу жаттығу соңында басқарма бас инженері Омар Елеш көпшілікке тағы бір рет биылғы жылдың «Еңбекті қорғау» болып жарияланғандығын еске салды. «Кез келген мұнайшы жұмыста алдымен техникалық қауіпсіздікті барынша мұқият сақтауды үйрену керек. Жұмыстың әліппесі еңбек қауіпсіздігін сақтаудан басталады»-деді ол.

Оқу-жаттығу «өте жоғары деңгейде өтті»-деп бағаланды. Басқарма басшылығы жаттығуға қатысқан өрт сөндіру және жедел жәрдем қызметкерлеріне алғыс білдірді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы