Рус

Жаңалықтар

Жайдарман күлкі сыйлаған кеш

12-қараша күні оқушылар шығармашылық үйінде «Өзенмұнайгаз» АҚ ұйымдастыруымен мұнай компаниялары мен мектеп ұжымдары арасында «Біздің кезең» атты жайдарман сайысы финалы өтті.

Ойынға №3 мұнай-газ өндіру, технологиялық транспорт, автоматтандыру және телекоммуникация басқармалары, «NBKS», «Өзенмұнайсервис», «Бұрғылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, №17,19 орта мектеп командалары қатысты.

Бүгінде жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы жастардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналды. Жайдарман – қазіргі таңда телеарна арқылы көрсетіліп, көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобалардың бірі. Көптеген жастардың жүрегіне жол тапқан ойын жарнаманы қажет етпейді, керісінше Жайдарманның өзі жарнама болып табылады. Жайдарманның ең басты ерекшелігі – өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде.

Ойын барысында жайдарманшылар жарысқа ерекше дайындықпен келгенін ә дегеннен-ақ аңғартып, көрерменге әдемі әзіл сыйлады.

Әсем кештің соңында ойын қорытындыланып, нәтижесінде АжТБ бірінші, «Бұрғылау» ЖШС командасы екінші, №17 орта мектеп және «NBKS» ЖШС командалары үшінші орынға ие болды.

Бекбол Тұрмамбетов («NBKS» ЖШС) «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы