Рус

Жаңалықтар

Теңгенің туған күнімен құттықтаймыз

Бүгін тәуелсіздігіміздің кепілі болып саналатын төл валютамыз теңгеміздің туған күні. «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы қаржыгерлерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбастарына баянды бақыт, жауапты да маңызды жұмыстарына мол табыс тілейміз.

Дүниеде ақша санаудан қызық жұмыс бар ма?! «Егер кітап ақша табуды үйретпесе, ол кітапты оқудың керегі жоқ»-дейді батыс психологтары. Ақшаны оңды-солды шашу талай мемлекеттің де, компанияның да түбіне жеткенін біз жақсы білеміз. Ең шалқар теңіздің өзі тамшыдан құралатынын жақсы түсінетін өзенмұнайгаздық қаржыгерлер компания қаражатын көздің қарашығындай сақтап, тиыннан тиын тудырып, үнемдейтінін  бәріміз жақсы білеміз.

Ақын Қасымның өзі «Шіркін, ақша жолда жатса, созбас па едің қолыңды»-деп жырлапты.  Десек те, ақша қолдың кірі, қолдан келіп, қолдан кету керек. Жүрекке оған орын жоқ. Өмірде ақшадан басқа, адамды құтқаратын 5 дәрі бар екенін ұмытпайық. Олар: тәуекел, тағдырға ризашылық, сабыр, қанағат, үміт. Ортақ мереке баршамызға құтты болсын!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы