Рус

Жаңалықтар

Қыздар салауатты өмір салтын қолдайды

Қазақ мұнайына 120 жыл және «Өзенмұнайгаз» АҚ 55 жылдығына орай «Өзенмұнайгаз» кубогіне қыздар арасында волейболдан облыстық турнир ұйымдастырылды.

Кәнігі спортшы Есен Тайжанов төрешілік еткен турнирге волейбол ойнын жан-тәнімен жақсы көретін қыздардан құралған 6 команда қатысып, бақ сынасты. Ойыншылар 40 жасқа дейінгілер мен 40 жастан кейінгілер болып, екі топқа бөлінді.

Екі күнге созылған шара қорытындысы бойынша 40 жасқа дейінгілер арасынан 1-орынды Жаңаөзен жастары, 2-орынды «Шетпе аршат», 3-орынды «Өзенмұнайгаз» АҚ командасы ұтып алды.

40 жастан кейінгі категорияға жататын командалардан жүлделі 1-орын ақтаулықтар, 2-орын ембімұнайгаздықтар, 3-орын өзенмұнайгаздықтар қанжығасына байланды.

Командалар ішінен шебер ойнымен көзге түскен Назгүл Түсіпова (Ақтау) мен Бағила Ұзақбаева («Шетпе аршат») «Үздік ойыншы», Нелли Сышляева («ӨМГ» АҚ) мен Гүлзия Тайжанова («ӨМГ» АҚ) «Үздік байланыстырушы», Салтанат Конкеева (қалалық білім бөлімі) мен Жанаргүл Жұмабаева (Жаңаөзен жастары) «Үздік блоктаушы», Ботакөз Істекова («ЕМГ» АҚ) мен Айнұр Мұғзи (Бейнеу) «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша марапатталды.

Жеңімпаздарға бас директор Есен Өтеевтің атынан Диплом, медаль, кубок және ақшалай сыйлық тапсырылды.

Адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелейтін осындай шаралар жиі өтіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы