Рус

Жаңалықтар

Жаңаөзенге реанимобильдер мен мектеп автобустары берілді

Өзенмұнайгаздық мұнайшылардың сұрауы бойынша Жаңаөзенге жаңа реанимобильдер және мектеп автобустары сыйға тартылды. Автокөліктерді салтанатты табыстау шарасы облыс орталығы Ақтау қаласында өтті. Салтанатты шараға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Трұмов, Жаңаөзен қаласы әкімі Мақсат Ибағаров қатысты.

«Маңғыстау облысы - еліміздің ең ірі өнеркәсіптік аймақтарының бірі. Соңғы 5 жылда өңірде 46 жоба жүзеге асырылды. Бүгін медицина мен білім саласына көліктерді сыйға тартып тұрмыз. Бақытты болашаққа дені сау, білімді ұрпақ қажет!»-деді Ахметжан Есімов.

«Жаңаөзен қаласына қарасты елдімекен мектептерінің оқушыларына бұл автобустар қарлы, жаңбырлы күндері мектепке қатынауды жеңілдетеді. Сыйға тартылған үш реанимобильде шұғыл көмек көрсетуге қажет реанимациялық және акушерлік жинақтар, өкпені жасанды желдету аппараттары бар. Қаладағы жедел жәрдем тапшылығы мәселесі шешілетін болды. Өте қуаныштымыз!»-деді Мақсат Ибағаров.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы