Рус

Жаңалықтар

Ойын бізді біріктіреді

«Бәріміз де бірдейміз, кемсітуді білмейміз» жобасы аясында, волейболды отырып ойнау спорт түрінен сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа қала әкімі Мақсат Ибағаров бастаған «Жаңаөзен әкімшілігі», Әділ Сүйебай бастаған «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы, Айдар Касанов бастаған «Ішкі істер бөлімі», Нұрлан Кезбаев бастаған «КезБИ» ЖШС командалары қатысты.

1990-жылы іргетасы қаланып, әлемнің түкпір-түкпірін кезіп, небір дүбірлі додаларда топ жарып, қаламыздың абыройын асқақтатып, мерейін көтеріп жүрген «Алға» мүгедектер клубы мақтауға да, мақтануға да лайық!

Аталған жоба авторы Бекнұр Бисенов «Жобаның мақсаты - өзінің әлеуметтік ортасында жалғыз, жаны жалғыз адамдарға қолдау көрсету. Мен клубқа келіп, өздерін спорт арқылы тәрбиелеп жүрген жігіттердің ерік-жігеріне басымды иемін. Аяушылық жасау Алланың иелігінде ғой, олардың дертіне шипаны Алладан тілеймін. Қала әкімі бастаған бір топ азаматтардың біздің клубтың мұң-мұқтажына көңіл бөлуі - мен үшін үлкен қуаныш, үлкен мәртебе!»-дейді.

Сайыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс болуы заңды. Сонымен, 1-орынды әкімнің командасы, 2-орынды ішкі істер бөлімі, 3-орынды өзенмұнайгаздықтар мен «КезБИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі командалары еншіледі. Жеңімпаздарға қала әкімінің Дипломы, кубок, медаль тапсырылды.

 

 

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы