Рус

Жаңалықтар

Қараша айын қорытындылау жиыны өтті

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының бас ғимаратының акт залында қараша айын қорытындылау жиыны болып өтті. Шараны бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Нұржан Әбдірахманов жүргізді. Ай жабу отырысында атқарылған жұмыстар талқыланып, басқарма директорлары есеп беріп, баяндама жасады. Қараша айының бекітілген 456 000 тонна мұнайының орнына 456 860 тонна мұнай өндірілгені айтылып, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары бас директордың мұнайшыларға айтқан алғысын жеткізді.

Нұржан Базарбайұлы қараша айындағы жасалған жұмыстардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтті. Жиын соңында барлық басқармаларға 2019-жылды жақсы қорытындылап, жылдық жоспарды ойдағыдай орындап, келер 2020-жылды табыспен қарсы алуға шақырды.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы