Рус

Жаңалықтар

30.01.2020 жылы Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық коллегияда К.А. Батшабаевқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралады.

2014-2018 жылдары аралығында «Өзенмұнайгаз» АҚ (әрі қарай - Қоғам) «Батша-Куан» ЖШС (әрі қарай - Серіктестік) мұнай базасына ЖЖМ(АИ-92, АИ-95 бензині және жазғы/қысқы дизельдік отын) партиясы жеткізілген болатын.

24.12.18 ж. бастап Серіктестік келісім-шарт бойынша жанар-жағармайды жіберуді тоқтатты.

Осы орайда, Қоғам тарапынан жауапты қызметкерлерден құралған топ  2018ж. 24-25 желтоқсан күндері Серіктестіктің аумағындағы мұнай базасына барып, ЖЖМ қалдығының жоқ екенін анықтады.

Нәтижесінде, Серіктестіктің заңға қайшы іс-әрекет салдарынан келген шығын мен залал мөлшері 1 484 000 000 теңгеден асты.

Қоғамның құқық қорғау органдарына арыздануымен К.А. Батшабаев және А.Тажбеновтердің үстінен ҚР ҚК 28 бабының 3 бөлімі мен ҚР ҚК 189 бабының 4 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

22.11.2019ж. Жаңаөзен қалалық сотында К.А. Батшабаев және А.Тажбеновтердің үстінен ҚР ҚК 189 бабының 4 бөлімі бойынша айыптау үкімі жарияланды.

22.11.2019 жылғы соттың үкімі бойынша :     

Батшабаев Қ қылмыс жасап  ҚР ҚК 28 баптың 3 бөлімі және 189 баптың 2 бөлімі, 4 тармағы бойынша  кінәлі деп табылып, мүлкін тәркілемей 8 жыл бас бостандығынан айыру; 

- Тажбенов А. ҚР ҚК 189 бап, 2 тармақ 4 бөлім бойынша қылмыстық іске кінәлі болып табылып 5 жыл шартты түрде мерзімін өтеу;

30.01.2020 жылы Маңғыстау облыстық сотының  қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық коллегияда қылмыстық іс қайта қаралады.

Аталған қылмыстық істің резонанстық категорияға жататынын ескере отырып, (мемлекетке 1 484 000 000 теңге көлемінде шығын келтірілген), сот отырысына БАҚ өкілдері қатысып, фото және видеомен фиксация жасайды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы