5 желтоқсан 2024
«Рационализаторлық және инновациялық жоба – 2024»
Жылдағы дәстүр бойынша «Рационализаторлық және инновациялық жоба – 2024» байқауы өтті.
Биылғы шараға 9 өнертапқыш қатысып, өндіріс жұмысын оңтайландыру бағытында әзірлеген жобаларын қорғады.
Мұнай және газ өндіру, еңбек қауіпсіздігі, механика секілді салаларға жауапты департамент мамандары қазылық етіп, жұмыстарды тиімділігі мен қауіпсіздігіне қарай таңдады.
Нәтижесінде №1 МГӨБ мұнай және газ өндіру операторы Аяпберген Боқаев 1-ші орын, №4 МГӨБ технологы Бекболат Шүренов 2-орын, Есептеу жүйесі бөлімі аға инженері Динара Лесбаева 3-орын иеленді.
Жүлдегерлер Диплом, қаржылай сыйлықпен марапатталды.
11 желтоқсан 2024
Жас мамандар арасындағы «Quiz» ойыны
Басқару аппараты қызметкерлері мен жас мамандар арасында «Quiz» ойыны өтті.
Зияткерлік сайысты ұжымдық байланысты нығайту, жастарды ұжымға тарту мақсатында Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі ұйымдастырды.
Ой-жүйріктігін сынға салған сайыста «Самғау» командасы тапқырлығы арқасында 1-орынды иеленді. «086» командасы 2-орыннан, «Желтоқсан» командасы 3-орыннан көрінді.
Жүлдегерлерге Грамота табысталып, кітап сыйға берілді.27216:23
23 наурыз 2025
Наурыз мерекесіне арнап киіз үй тіккен Жас мамандар кеңесі
Наурыз мерекесіне арнап киіз үй тіккен Жас мамандар кеңесі – өндіріске қатысты 8 рационализаторлық еңбек пен тың ұсыныс қойылған көрме ұйымдастырды.
Көрмеде таныстырылған «OMG Life» мобиль қосымшасы ерекшелігімен көзге түсіп, болашақ –инновация идеяларымен қаруланған жастар қолында екенін ұқтырды.
– Көрме мақсаты – жаңашыл жастарға қолдау көрсету арқылы, өнертапқыш қабілеті бар әрбір жұмыскердің жұмыс барысында талантының барлық қырын ашу, сол арқылы өндіріс тиімділігін арттырып, шығын көлемін азайту. IT клубының Амалбек атты қолға су құятын роботымызға қонақтар дән риза болды. Қала басшысы Жансейіт Қайнарбаев, бас директор Жанболат Саймағанбетов, кәсіподақ төрағаларының жылы сөзі мерейімізді көтеріп тастады. Қалада жастарға арналған шағын парк салу туралы ұсынысымыз қала әкіміне ұнады. Ел тізгінін ұстаған ағалар ықыласы бізді қуанышқа бөледі, – деді жас мұнайшылар.
Өзенмұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесі 2013 жылдың 3-наурызында құрылды. Кеңесті құрудағы мақсат - Компанияның корпоративті құндылықтарын бөлісетін, корпоративті мәселелерді шешуге тартылған, қажетті кәсіби дағдылары бар жас қызметкерлермен қамту арқылы «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының стратегиялық дамуына әсер ету.
Сонымен қатар, жастардың рухани, мәдени, бiлiмдi, кәсiби жағынан қалыптасуына және бүкiл қоғам мүддесiне олардың шығармашылық әлеуетiн ашуға, жастарды әлеуметтендiруге және жас мұнайшылардың мүмкіндігінше жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, жергілікті деңгейде білікті өндіріс менеджерлерін қалыптастыруға мүмкіндік ашу.
Қазіргі таңда «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында 9000-нан астам адам жұмыс істейді. Оның 3000-нан астамы 18-35 жас аралығындағы жас мұнайшылар.
Қазіргі таңда Кеңеске 500-ге жуық жас маман мүше. Қысқа мерзім ішінде Кеңес өте көп жұмыстарды атқарды.
Аталған Кеңес осыған дейін өндірістік, қоғамдық, мәдени-көпшілік бағыттары бойынша көптеген іс-шараларды атқарды. Жас мамандар кеңесінің төрағасы Бәйімбетов Бауыржан Бердібайұлы.
Жас мамандар кеңесінің құрылымы 16 бастауыш жастар ұйымдарынан құралған. Кеңесті 16 адамнан құралған атқарушы орган басқарады. Кеңес жанында Инновациялық технологиялар және өндірісті модернизациялау комитет, Салауатты өмір салтын қалыптастыру және мәдениет комитеті, Жұртшылықпен байланыс комитеті жұмыс істейді.
«Ағылшын тілін үйрену» клубы және «Ой дода» интеллектуалдар клубы жұмыс жасайды. Кеңестің шағын кітапханасы бар.
Жастарды отаншылдыққа баулу мақсатында «Бабалар жүрген ізбенен» атты экспедиция ұйымдастырылады. Экспедиция барысында жастар өлкедегі тарихи-мәдени нысандарға барып, дүниетанымын кеңейтеді. Осыған дейін жас мамандар Бекет ата, Шопан ата, Қараған босаға, Ақсу, Темір баба, Отпан тау, Самал, Шақпақты және т.б. жерлерге барды.
Басшылық пен жас мамандардың ықпалдасуы мақсатында «Жас мамандар – Компания келешегі» тақырыбында семинар-тренингтер өтеді. Семинарға жас мұнайшылар ғана емес Компанияның бас директоры, құрылымдық басқарма басшылары қатысады. Компания болашағына бағытталған осындай шаралар дамуымызға көп септігін тигізеді.
Жас мамандар кеңесі туралы молырақ мағлұматты Facebook және ВК әлеуметтік желідегі компания жас жамандарының парақшасынан білуге болады.