«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Д.Хасанов №1 Мұнай газ өндіру басқармасының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге «Өзенмұнайгаз» АҚ Басқарма мүшелері, департамент директорлары, №1 МГӨБ еңбек ұжымы қатысты.
Еңбек ұжымы жиналыс барысында ағымдағы өндірістік, әлеуметтік, кадр мәселелеріне байланысты сұрақтарды қойды, жауаптарға қанықты, сонымен бірге, кейбір мәселелер бойынша пікір алмасты. Cондай-ақ, еңбек ұжымына №3 Блок жобасы бойынша кең таратылып айтылды, аталған жобаның құрылымы мен өндірістік тиімділігі жөнінде ақпарат берілді.
«Алдымызда шешілуі тиіс қаншама ірі-ірі мәселелер бар. Біз бұл проблеманың барлығын бірге шешуіміз керек. Өндірісті маманмен қамту, әлеуметтік саланы алға жылжыту, өзге де мәселелерге байланысты ашықтық ұстанымында жұмыс істейміз. Біз коммуникациялық құралдардың барлығын қолдана отырып, Компанияның тұтас тыныс-тіршілігінен мұнайшыларды ақпараттандырып отырамыз» деді кездесуде Бас директор Д.Хасанов.