Рус

Ішкі коммуникация

Бас директор транспорт мекемелері ұжымдарымен кездесті

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Д.Хасанов Технологиялық транспорт басқармасы және №3 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасы еңбек ұжымдарымен кездесті.
Кездесуге «Өзенмұнайгаз» АҚ басқарма мүшелері, департамент директорлары және ТТБ мен №3 СҚКБ еңбек ұжымдары қатысты.

Еңбек ұжымы жиналыс барысында өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салып,  ағымдағы өндірістік, әлеуметтік, кадр мәселелеріне байланысты сұрақтарды қойды, жауаптарға қанықты, сонымен бірге, кейбір мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу барысында қызметкерлер кейбір дәрігер мамандардың және өздеріне қажет қымбат дәрілердің тапшылығын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, жүргізушілер қысқы мезгілде көліктеріне қажет қосалқы бөлшектердің  уақытылы жеткізілмей, іркіліске тап болатындығын жеткізді.  Кездесуде бас директор жүргізушілердің сұрақтарымен жіті танысты.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы