Құрметті Бақтияр Жалғасбайұлы!
"ҚМГ" ҰК" АҚ-ы басқармасының шешімімен жарияланған мораторий әлі де күшінде. Сондықтан, Ұлттық Компанияға қарасты кәсіпорындарда штатқа маман қабылдау тоқтап тұр. Мораторий алынған кезде бұл туралы жұртшылыққа хабарланады және жұмысқа маман қабылдаудың ережесі таныстырылады.
Құрметпен, Бекзат Абайылданов,
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Саламатсыз ба, Дана!
"ҚМГ"ҰК"АҚ басқарма шешімімен жұмысқа маман қабылдауға мораторий жарияланған. Сондықтан, штатқа маман қабылданып отырған жоқ. Ал түйіндемеңізді жолдауға болады. Түйіндеме дерекқорға тіркеледі. Келешекте мораторий күшін жойған мезгілде қажетті мамамандарды іздестіруде дерекқорды пайдаланамыз.
Құрметпен, Бекзат Абайылданов,
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Азамат!
"ҚМГ"ҰК" АҚ-ы басқармасының шешімімен жұмысқа маман қабылдауға мораторий жарияланды. Мораторий шарттары бойынша "ҚМГ" ҰК" АҚ, "ҚМГ"БӨ" АҚ қарасты кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлер ғана ішкі ауысу бойынша жұмыс орындарын өзгерте алады.
Құрметпен, Бекзат Абайылданов,
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Ләззат Сейдуллақызы!
«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы Сіздің жұмысқа орналастыру туралы өтінішіңіз бойынша, бүгінгі таңда Қоғамда жұмысқа қабылдау тоқтатылып, жарияланған мораторий әлі де өз күшінде екендігін қаперіңізге береді.
Құрметпен, Бекзат Абайылданов
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Қамажай Тәжібайқызы!
"ҚМГ" ҰК" АҚ-ы басқармасының шешімімен Ұлттық Компанияға қарасты және еншілес кәсіпорындарға маман қабылдауға мораторий жарияланып отыр. Мораторийдің күші жойылып, маман қабылдауға рұқсат берілген кезде жұмысқа қабылдаудың ережесі жасақталады және бұл туралы көпшілікке жарияланады.
Құрметпен, Бекзат Абайылданов,
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Берік Мамытов!
"ҚМГ" ҰК" АҚ басқармасының шешімімен "ҚМГ" ҰК" АҚ-ына қарасты және еншілес компанияларға маман қабылдауға шектеу қойылған. Мораторий күші жойылып, маман қабылдау басталған кезде бұл туралы көпшілікке хабарланады және жұмысқа маман қабылдаудың арнайы ережесі таныстырылады.
Құрметпен, Бекзат Абайылданов,
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Нұрлан Заводұлы!
"ҚМГ"ҰК" АҚ басқармасы шешімімен жарияланған мораторий талаптары бойынша Ұлттық Компанияға қарасты мекемелердің арасында ішкі асуларға шектеу қойылмайды. Алайда ол Компанияның сұранысына сай жүреді. Сіз бұл туралы ақпаратты Персоналды басқару және дамыту департаменті мамандарына хабарласып, нақты біле аласыз. Байланыс телефоны: 63187, 63372.
Құрметпен, Бекзат Абайылданов
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Жібек!
Қалыптасып отырған ахуалға байланысты "Өзенмұнайгаз" АҚ-ында 2015 жылдан бастап қайырымдылық жасау тоқтатылып отырғанын қаперіңізге беремін.
Құрметпен, Бекзат Абайылданов,
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Берік Нұрмұхамбедұлы!
Жас маман жобасы бойынша Сіз Персоналды басқару және дамыту департаментіне хабарласып, нақыт ақпарат біле аласыз. Байланыс телефоны: 8(72934)63384.
Құрметпен, Бекзат Абайылданов,
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры
Құрметті Айдынбек Мирамбекұлы!
Жас маман жобасы бойынша Сіз Персоналды басқару және дамыту департаментіне хабарласып, мән-жайды нақтылай аласыз. Байланыс телефоны: 8(72934)63384.
Құрметпен, Бекзат Абайылданов,
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры