Рус

Жаңалықтар

Әкімінің міндетін атқарушы Мақсат Мұқаш бір топ мұнайшылар мен Спартакиада жеңісгерлеріне алғысын білдірді

Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мақсат Мұқаш тұрғындардың қала кіреберісіндегі «Өзенмұнайгаз саябағын» көркейтуге сүбелі үлес қосып жүрген бір топ мұнайшылар мен Спартакиада жеңісгерлерін қабылдап, риясыз алғысын білдірді.

– Желмен діріл қаққан жас шыбықтардың күні ертең жапырағы жайқалған діңі қатты, бұтағы мол, биік бәйтерекке айналары сөзсіз. Игі іске жеңін түріп, білек сыбанып ат салысқан әрбіріңізге рахмет айтамын, – деді Мақсат Асқарұлы.

Сондай-ақ қала басшысының міндетін атқарушы «ҚазМұнайГаз» Спартакиадасында топ жарып, қала атын шығарып жүрген спортшыларды мақтан тұтатынын жеткізді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы