Рус

Жаңалықтар

Қырықтан асқан жігіттер доп тепті

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің  30 жылдық мерекесіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласында әуесқой футбол лигасы 40+ жастағы арасында II  Қазақстан Республикасының біріншілігі өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келіп 4 күн бойы бақ сынасқан 15 команда ішінен «Өзенмұнайгаз» АҚ командасы үздік ойын көрсетіп, жүлделі 1-орынды жеңіп алды.

2-орынды  «Zelmar stroy» (Ақтау), 3-орынды «Прогресс» (Қарағанды) командалары иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

 Тартысты бәсекеде қызықты ойын көрсетіп, шеберлігімен көзге түскен әріптесіміз Түгел Разақов «Үздік қақпашы» номинациясына ие болды.

Компаниямыздың ары мен абыройын асқақтатқан жігіттерге Алланың нұры жаусын!  Жеңімпаз команданың алдағы уақытта да мерейі үстем болып,  мәртебесі биіктей берсін деген тілек айтамыз.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы