Рус

Жаңалықтар

МӨҚжТКЖБ серіктестерге құрмет көрсетті

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне байланысты мұнай өнеркәсібі құралдарын және телекоммуникацияларды жөндеу басқармасы  директоры  Нұрберген  Союнов сапалы қызмет көрсетіп жүрген бір топ аспазшылар мен еден жуушыларды Алғыс хатпен марапаттап, жылы лебізін білдірді.

-Құрметті серіктестер! Сіздерді Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Дәмі тіл үйірген тағам дайындау-шынайы шеберлікті қажет етеді. Ықыласпен пісірілген ас дәмді болады. Тәтті тағам-адамның көңлін көтереді Көңіл күйі жақсы адам өнімді еңбек етеді. Сонымен қатар, жұмыс орнымызды тазалап, алаңсыз жұмыс жасау үшін қолайлы жағдай тудырып отырған тазалықшылардың да еңбегі зор. Сіздерге еңбек ұжымы атынан және жеке өз атымнан алғыс білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, қоғамға пайдалы ісіңізге  береке тілеймін,-деді басқарма директоры.

Шара соңында Қарлығаш Қибасова басшылық ететін әлеуметтік әкімшілік қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлері марапат иелеріне арнап мерекелік дастархан ұйымдастырды.             

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы