Рус

Жаңалықтар

Бас директордың құттықтауы

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Энергетиктер күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Өзен және Қарамандыбас кен орындарын қысы-жазы энергия көзімен қамтамасыз етіп, мұнай жоспарының орындалуына өлшеусіз үлес қосып жүрген Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, қызметіңізге табыс пен жетістік тілеймін. 

Ел экономикасының локомотиві болып саналатын мұнай-газ саласының дамуын энергетик мамандарының көмегінсіз елестету еш мүмкін емес. Бүгінде өндірістік аймақта орналасқан мұнай жабдықтары мен қондырғылары тоқпен жұмыс жасайды. Өзіндік қиындығы мен тәуекелділігі бар бұл кәсіптің қатаң тәртіп пен үлкен жауапкершілікті талап ететінін біз жақсы білеміз. Үйдегі, өндірістегі, әлемдегі тыныштық пен тұрақтылыққа энергетиктердің ықпалы зор екені айтпаса да түсінікті.

21-ғасыр адамының күнделікті өмірі тоққа тікелей байланысты. Адам үйге кірген бойдан жарықты қосады. Киім үтіктейді. Жаңалық тыңдау үшін теледидарды пайдаланып, өзін жетілдіру үшін компьютерден онлайн кітап оқиды.

Ел игілігі үшін шаршамай, талмай, қажымай жемісті еңбек етіп жүрген әріптестерімізге мереке күні қандай жақсы сөз айтсақ та артық етпейді. Басшылық тарапынан білдірілген сенімді ақтап, абыройлы еңбек етіп,  ел ырысын еселеп жүрген Сіздерге компания бас директоры ретінде шексіз алғысымды білдіремін.

Алға қойған міндетті орындап, жүктелген істі бірге атқарып, жарқын келешек жолында жұмыла еңбек ете берейік!

Құрметпен, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеев

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы