Рус

Жаңалықтар

Энергетиктер марапатталды

Бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Айтқали Бәшенов барлық энергетиктерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бір топ энергетикке бас директордың Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын тапсырды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 30 жылдығы мерекесіне байланысты №4 МГӨБ жұмыскері Хасан Мағруповқа мемлекеттік награда ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы ордені мен №5 СҚКБ жұмыскері Көбеген Қартабаевқа мерекелік медаль тапсырылды. Атаулы мереке аясында басқару аппаратының бір топ мамандарына бас директордың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты берілді.

Пандемия кезінде азаматтардың денсаулығын қорғауға зор үлес қосуға белсенді атсалысқан бір топ басқару аппараты қызметкерлері Қазэнержи қауымдастығы төрағасы Алғыс хатымен марапатталды.

-Баршаңызды Қазақстан Республикасының 30 жылдығы және энергетиктер күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Марапат еңбек адамының беделін көтеріп, жұмысқа деген құлшынысын арттыра түседі. Ел мен жер, қара қазан, сары баланың несібесі үшін адал еңбек етіп жүрген Сіздерге Алланың нұры жаусын! Берекенің тұрағы, шапағаттың шуағы- «Өзенмұнайгаз» АҚ жасасын! Марапат құтты болсын, қадірлі әріптестер!-деді Айтқали Бәшенов.

Салтанатты шараға бас директордың техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орынбасары Өсербай Тұрсабеков, компания кәсіподақ ұйымы төрағасы Наурыз Сақтағанов қатысты.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы