Рус

Жаңалықтар

«Бәріміз де бірдейміз, кемсітуді білмейміз» турнирі өтті

"Өзенмұнайгаз" АҚ демеушілігімен қамкөңіл жандарға арналған  "Бәріміз де бірдейміз, кемсітуді білмейміз" атты  турнир өтті. 

Отырып ойнау  волейболына қатысқан 5 команда ішінен  жүлделі 1-орынды қалалық ІІБ , 2-орынды қалалық прокуратура, 3-орынды қалалық әкімдігі командасы жеңіп алды.

Айдар Кәрімаев бастаған блогерлер мен ақ халатты абзал жандардың командасына ынталандыру жүлдесі тапсырылды.

Боча спорт түріне қатысқан 18 спортшы қатысты.  

Пауэрлифтинг спорт түрінен  80 келі және  80 келі+ салмақ дәрежесіндегі спортшылар сайысып, жеңіс Шалқар Ақмолдаев пен Амантай  Бердалиевке бұйырды. 

Арбадағы биден өзара жарысып, 1-орынды Жазира Ақбердиева, 2-орынды Асылбек Қанарбаев, 3-орынды Айнагүл  Құлқайыровалар иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

-Бәріңізді Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға амандық тілеймін. Бүгінгі шараны өткізу арқылы тағдыр талқысына түсіп, жалғыздықтан жабырқап жүрген өздеріңізге моральдық және материалдық көмек көрсете отырып, Сіздердің өмірге деген құштарлығыңызды ояту болып табылады. Аман жүріңіздер. Қуанышты күндеріңіз көп болсын»,-деді турнирге қатысқан бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Айтқали Бәшенов.

5 жастағы баладан 65 жастағы ақсақалға дейін қатысқан турнир жеңімпаздары мен қатысушыларына диплом мен ақшалай сыйлық тапсырылды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы