Рус

Жаңалықтар

Ер есімі ұлықталды

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі мен Маңғыстау мұнайының 60 жылдығы мерейтойы аясында №3 СҚКБ-да ашылған аллея мен спорт алаңшасына ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жеңіс Жарылғаповтың аты беріліп, ер есімі ұлықталды.

Әділбек Ниязымбетов, Жеңіс Таумұрынов, Қанат Көптілеуов сияқты тарландарды тәрбиелеп, сан мәрте ел абыройы мен мерейін асқақтатқан Жәкеңнің компания үшін сіңірген еңбегінің зор екені баршамызға аян.

Марқұмның рухына құран бағышталған соң, бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Айтқали Бәшенов, бас директордың мемлекеттік органдармен байланыс және әлеуметтік жобаларды қолдау жөніндегі орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаев құттықтау сөз сөйледі.

Осы идеяны көтеріп, іске асуға мұрындық болып, қолдау көрсеткен аталмыш басқарма директоры Нұрбек Союнов пен демеушілік жасаған кәсіподақ төрағасы Сергей Қозығараевқа бас директор Есен Өтеевтің атынан Алғыс хат берілді.

«Өсер ел өз ұлдарын өнеге тұтады»,-деген Әбекеңнен қалған жақсы сөз бар. Компания үшін әрбір азаматтың орны бөлек.

Тірлігінде талай жанның тәлімгері, адал жолдасы бола білген Жәкеңе құрмет көрсету-біздің азаматтық парызымыз.

Шара соңында Жәкеңнің бауыры мен жары ел ағаларына шексіз алғысын білдірді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы