Рус

Жаңалықтар

Марапат құтты болсын, әріптестер!

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің  30 жылдығы мерекесіне байланысты «Ақжол» демократиялық партиясы тарапынан бас директордың персоналды басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі басқарушы директоры Ермек Көптілеев, персоналды басқару және дамыту департаменті директоры Мәмбет Бигелдиев, №1 МГӨБ механигі Арғынбек Қалбай «Еңбегім еліме» төсбелгісімен, жұртшылық және мемлекеттік органдармен байланыс департаменті директоры Әділ Сүйебай «Алаш ордасының құрылғанына 100 жыл» төсбелгісімен марапатталды.           

Алаш ардақтылары ұлты үшін еңбек етуді парыз деп есептеген және мұны өздері орындаған. Сабыр Адай айтпақшы «әрбір қазақ білім мен қызметті қазақтың пайдасына іздесе» нұр үстіне нұр болар еді...              

Марапат құтты болсын, әріптестер!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы