Рус

Жаңалықтар

СПОРТ – БІЗДІ БІРІКТІРЕДІ

№1 скважиналарға қызмет көрсету басқармасы әлеуметтік-әкімшілік қамту бөлімінің ұйытқы болуымен 31 қазанда басталған цехаралық спорттық жарыс өз мәресіне жетті. 10 қарашада финалдық бәсеке өтіп, жұмыскерлер спорттың 7 түрінен бақ сынады.

Атап айтатын болсақ, футбол, баскетбол, волейбол, бильярд, үстел теннисі, арқан тартудан тұратын дүбірлі дода қыздардың көңілді эстафетасымен аяқталды.

Шарада басқарма директоры Бисенбай Қаржаубаев, кәсіподақ төрағалары Тұралхан Болысов пен Руслан Ауылбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Спорт бізге мықты денсаулық пен сергектік сыйлайды. Бұл жай бір алыс-жұлыс емес, рухани терең тынысы бар дүние. Ойын адамның денесін шынықтырады. Салауатты өмір салтын ұстанып жүрген Өздеріңізге көп рахмет,-деді Бисенбай Қойлыбайұлы.

Кубок, диплом және қаржылай сыйлықпен марапатталған спортшылар бірлікті арттыратын осындай шара жиі өткізілсе, нұр үстіне нұр болатындығын айтты.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы