Рус

Жаңалықтар

«LUFKIN» ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Компания өндірістік блогы мәжіліс залында америкалық «Lufkin» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Шараға аталған компанияның Еуразия бойынша бизнесті дамыту жөніндегі директоры, бірқатар департамент директорлары және мамандар қатысты.


Кездесуде америкалық өндірушілердің тауарлары таныстырылды. Өзен кен орнына аса қажет сорғылар, тербелмелі станок, сорғы штангалары, автоматтандыру бойынша баяндама оқылып, олардың түрлері және құрылымы, артықшылықтары туралы айтылды.

– Біз ұсынып отырған өнімнің 90% АҚШ-та өндіріледі. Осыған дейін Орта Азиядағы бірқатар елдердегі компаниялармен серіктес болдық. Біздің мақсатымыз – тек өнім сату емес, сіздің компанияның алға басуына аз да болсын септігіміз тигізу, - деді шетелдік компания өкілі М.Раду.

Шара барысында өзенмұнайгаздық мамандар өнімнің сапасы, ерекшеліктері туралы сұрақтар қойып, тұщымды жауап алды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы