Рус

Жаңалықтар

АРМАНДЫ МАҚСАТҚА АЙНАЛДЫРУ – НИЕТТЕН

«Риза-Ана» қоғамдық қоры компания жастарына «Арманыңды мақсатқа айналдыр» атты семинар-тренинг өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша аталған шара мақсаты адамды тұлға ретінде дамыту болып табылады.

50-ден астам маманды қамтыған басқосуда тренер Шолпан Түсіпбекова өзінің тұлға ретінде қалыптасу процесін еңбек жолы, табысты күндері, қиын сәттері, отбасындағы қарым-қатынасы, жалпы тұтас өмірімен байланыстыра отырып жеткізді.

Адам қанша жаста болса да, білім алу, дамуды тоқтатпаған жөн дей отырып, адам қалауының орындалуы ниетке байланысты екендігіне тоқталып өтті.

Жақсылықтан үміті бар әрбір адам армандайды. Әйтсе де арманның жүзеге асуы үшін әрекет етуді білмей жатамыз. Семинарда арманның орындалу жолдары, қаржыны дұрыс жұмсау, ерлі-зайыптылар үйлесімі, отбасы бюджетін үнемдеу сияқты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. 

Тренер ханым аудиториямен жаймашуақ әңгімелесіп, туындаған сұрақтарға жауап беріп, олардың ой-толғамын тыңдады.

Нәтижесінде өзенмұнайгаздықтар, «жақсы сөз айтатын боламын, бала тәрбиесіне мән беремін, отбасыдағы қарым-қатынасты жақсарта түсемін, қаржыны барынша дұрыстап жұмсаймын, мақсат қойып, еріншектіктен арыламын» деген секілді тренингтен алған пікірімен бөлісті.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы