Рус

Жаңалықтар

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Көп жылдық тарихы бар еңселі білім ордасы Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде «Жұмыс беруші күні» өткізілді.

Сапалы, білікті де білімді кадр дайындау, жұмыс берушілермен тиімді байланысты одан әрі нығайту мақсатында өткізілген шараға компания өкілдері де қатысты.

Басқосуда кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін, негізгі нормативті және құқық актілерін түсіндіру, колледж жетістіктері мен даму жоспары, «Жас маман» жобасы бойынша «Электромонтаждық жұмыстар» және «Өндірістік автоматика» құзыреттілік орталығы жұмысы таныстырылды.

Кездесуде өндіріс мамандары өз ойын ортаға салып, екіжақты әлеуметтік-серіктестік Меморандумға қол қойылып, Мақсат Ибағаровқа арнайы жіберілген оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің Алғыс хаты табысталды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы