Рус

Жаңалықтар

№2 МГӨБ СПОРТШЫЛАРЫ ӨЗАРА ЖАРЫСТЫ

№2 МГӨБ әлеуметтік-әкімшілік қамту бөлімі басқарма кәсіподағымен бірлесе отырып, қараша айының 7-17 аралығында мұнайшылар арасында цехаралық спорттық сайыс өткізді.

Спортшылар спорттың 5 түрінен, атап айтатын болсақ, волейбол, шағын футбол, теннис, арқан тарту және садақ атудан жанын салып өзара жарысты.

Дүбірлі дода қатысушыларының жігері оянып, еңсесі көтеріліп қалды.

Жеңіске жетіп кубок, диплом, қаржылай сыйлықпен марапатталған мықтылар мен ептілер ұйымдастырушыларға шексіз алғыс айтып, жылы лебізін жеткізді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы