Рус

Жаңалықтар

ЭНЕРГЕТИК ДӘРМЕН БЕКІМОВТІ ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

1980 жылы 6 қарашада іргетасы қаланған Өзенэнергомұнай басқармасының алғашқы директоры, өткен жылы 79 жасында қайтыс болған Дәрмен Бекімовті еске алу мақсатында абзал азаматтың 80 жылдығына орайластырып аталмыш мекеме Рахмет Өтесінов атындағы спорт кешенінде цехаралық спорттық сайыс ұйымдастырды.

Энергетиктер доп теуіп, арқан тартып, жүгіріп, волейбол мен дойбы ойнады.

– Қиын әрі қауіпті кәсіп қатарына жататын мамандық иесі Дәрмен Бекімұлы Өзен, Қарамандыбас кен орындарын қысы-жазы электр энергиясымен қамтамасыз етуде өлшеусіз еңбек етті. Киелі топырақта Өзенэнергомұнай басқармасының қазығы қағылып, іргетасы қаланған кезде маңызды істің басы-қасынан табылып, мұнай саласының дамуына бар ақыл-ой қуатын, саналы ғұмырын арнаған жанды біз ешқашан ұмытпаймыз, - деді бас директор Мақсат Ибағаров.

Салтанатты шараға бір топ басшы азаматтар, марқұммен үзеңгілес болған ардагер-мұнайшылар, ұрпағы қатысып құттықтау сөз сөйлеп, естеліктер айтып, атпал азаматты еске алды.

Өз кезегінде сайысқа қатысушылар ұйымдастырушыларға зор алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Жеңімпаздар 22 желтоқсан Энергетиктер күні кәсіби мерекесінде марапатталады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы