Рус

Жаңалықтар

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК» АҚ IPO: МҰНАЙШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сының роудшоуы өз мәресіне жетті. Ұлттық компания өкілдері кестеге сәйкес «Өзенмұнайгаздың» 16 өндірістік құрылымдық басқарма еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

 «ҚазМұнайГаз» ҰК АК Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев жиынға қатысушылардың «Жеке инвестор көп акция сатып алған жағдайда компанияны басқара ала ма?»- деген сынды сұрақтарына тұщымды жауап беріп, маңызды ақпараттармен бөлісті.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның мәртебесі ҚМГ-ның ірі акционері ретінде IPO-дан кейін де өзгермейтінін қазақстандықтар білуі керек – бұл жекешелендіру бағдарламасы шартының бірі.

Тағы бір маңызды мәселе – компания акцияларының өсу әлеуеті. Оған алып жобаларда өндірісті ұлғайту, сондай-ақ геологиялық барлау және мұнай-газ химиясы саласындағы жаңа жобалар ықпал етеді деп жоспарлануда.

Сарапшылар болжамы бойынша, IPO-да белгіленген ұсыныс бағасы 52%-ға дейін өсуі мүмкін.

«ҚазМұнайГаз» акцияларын сатудан түскен қаражат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылатынын атап өткен жөн.

Толығырақ 8 800 004 03 15 (10:00-19:00 күн сайын) нөміріне хабарласып және компанияның www.kmg.kz ресми сайтынан біле аласыз.

«ҚазМұнайГаз» IPO-сы. Компаниямен бірге бол!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы