Рус

Жаңалықтар

АҢЫЗ АДАМ ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАНҒАЗИЕВ ТУРАЛЫ КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Өзен кен орны қазба байлығын игеру ісінде маңызды орны бар тұлға, даңқты мұнайшы, білгір басшы Жақсылық Жанғазиев туралы жарыққа шыққан кітаптың тұсауы кесілді.

Шараға қала әкімі Айбек Қосуақов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласы өкілдігінің әлеуметтік және ақпараттық саясат және сүйемелдеу департаментінің директоры Аманғали Нұрдәулетов, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Мақсат Ибағаров, кітап авторы Киікбай Медеуов және қаламыздың ақсақалдары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагер мұнайшының үзеңгілес әріптестері, ұрпақтары, туыс-туғандары қатысты.

Бірқатар азаматтар құттықтау сөз алып, Ж.Смағұлұлының Өзен кен орнына сіңірген еңбегін, басшылық қарым-қабілетін, «Өзенмұнайгаз» Өндірістік бірлестігін құлдырау кезеңінен аман алып шыққан жанкештігі жайында айтып, кітаптың мазмұны мен құндылығына жоғары баға берді.

«Жақсылық Жанғазиев» деп аталатын кітаптың авторлары – журналист Лебен Сәдуақасұлы мен кен инженері, өлке тарихы туралы бірқатар кітап жазған Киікбай Медеуов. Саналы ғұмырын еліміздің мұнай мен газ өндіру саласына арнаған, жер байлығының халық игілігіне айналуына елеулі үлес қосқан Жақсылық Смағұлұлы Жанғазиевтің өнегелі өмірі мен еңбек жолы туралы сыр шертеді. Кітап 500 таралыммен жарық көрді.

Тұсаукесерде қатысушыларға кітап сыйлыққа берілді, қалалық кітапханаға бір бумасы тапсырылды.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы