Рус

Жаңалықтар

ЕРЛАН ЖҰМАТОВ «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» МАРАПАТТАЛДЫ

Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін ардагер-ұстаз Қатира Боранбаева «Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы» атағына лайық ие болды.

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы атқарушы хатшысы Нұрбек Қарасай мен №1 МГӨБ операторы Ерлан Жұматов қала әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

– Бұл марапатты қала дамуына қосқан адал еңбектің өтеуі деп түсінген жөн. Отан үшін аянбай еңбек еткен әрбір азамат құрметтеліп, лайықты бағасын алуы тиіс деп есептеймін. Біз Жаңа Қазақстанның шаңырағын шайқалтпай, ырыс-берекесін кетірмей, ел бірлігі мен жер тұтастығын сақтай отыра жетістікке бірге жете беретін боламыз,-деді қала әкімі Айбек Қосуақұлы.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы