Рус

Жаңалықтар

МЕТРОЛОГИЯ ЗЕРТХАНАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасында метрология зертхана инженерлеріне арналған жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Осыған дейін құжаттармен, құрылғылармен шағын бөлмеде жұмыс істеп келген мамандар ыңғайлы, бірнеше тексеру кабинеттері бар жаңа нысанда жұмысын жалғастыратын болады.

Ашылу салтанатына қатысқан бас директор Мақсат Ибағаров зертхана жұмысының маңыздылығына тоқталып өтті.

– Құрметті әріптестер! Тәуелсіздік күні және мереке қарсаңында ашылып жатқан метрология зертханасы құтты болсын. Метрологиялық зертхана Өзен кен орны үшін өте маңызды. Мұнай саласындағы өлшеу аспаптары дұрыс жұмыс жасауы тиіс. Бұрындары Атырау, Ақтау қалаларының зертхана көмегіне жүгінетін едік. Ендігі күні өзіміздің жанымызда болады. Өндіріске көп игілігін тиігізеді деген сенімдемін, - деді бас директор.

Ғимараттың символикалық кілті АжТБ директоры Марат Садықов пен метрология зертхана меңгерушісі Дариға Наурызбаеваға тапсырылды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы