Рус

Жаңалықтар

БІРЛІКТІ ТУ ЕТКЕН МҰНАЙШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Компания акт залында «Өзенмұнайгаз жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ ұйымдастыруымен марапаттау рәсімі өтті.

Бұған дейін өндірістік-құрылымдық басқармаларда ауызбіршілік пен ұйымшылдықты нығайтуға атсалысып жүрген бірқатар мұнайшының еңбегі еленіп, мерейі үстем болды.

Еңбек ұжымындағы ынтымақ пен бірліктің қанат жаюына барынша ат салысып жүрген бір топ мұнайшы «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы», «Қазақстандық мұнай газ салалық кәсіптік одағы», «Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының» Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен марапатталды.

№3 МГӨБ әлеуметтік-әкімшілік қамту бөлімі басшысы Шалқар Нұрлыбаева мен №5 СҚКБ есепшісі Мәдіхан Оңалдықовқа мерекелік төс белгі табысталды.

– Бабаларымыз бағзы заманнан аңсаған азаттықты аялап, тұғырын биіктету – біздің басты мұратымыз. Шалдар «бірлік бар жерде тірлік бар екенін» бекер айтпаған. Бірлігінен айырылған елден береке кетеді. Қай салада болмасын ел игілігіне қызмет етіп жүрген әр адамның шоқтығы биік. Бүгінгі ерлік-сабыр, ертеңгі елдік-тыныштық! Марапат құтты болсын, әріптестер, – деді кәсіподақ төрағасы Бекқали Уақбаев.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы