Рус

Жаңалықтар

БІЛІМ - ӨМІРДІҢ АЛТЫН ҚАЗЫҒЫ

21 желтоқсанда ҚБТУ-да «EMBA басшылары үшін іскерлік әкімшілендіру» бағдарламасы бойынша магистранттарға диплом тапсыру салтанаты өтті.

«Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ мен «Өзенмұнайгаз» АҚ арасындағы шарт негізінде компания өндіріс мамандары, цех, бөлім басшыларынан құрылған бір топ жұмыскер 2 жыл бойы Executive MBA бағдарламасы бойынша білім алып, Іс басқару магистрі дипломдарына ие болды.

Университет ректоры Маратбек Ғабдуллин құттықтау сөз сөйлеп, білім ордасының ғылыми-практикалық және оқу зертханаларымен, тренажерларымен таныстырды.

Бағдарлама көшбасшылық, басқарушылық және коммуникативтік жобаларды, сонымен қатар тыңдаушылардың жеке қасиеттерін дамыту болып табылады.

Тәжірибелі оқытушылар мен тәлімгерлердің жетекшілігімен жүргізілетін бұл әдістеменің білім алушылар үшін пайдасы мол.

Магистранттар «Басшылар үшін қаржы», «Көшбасшылық және мотивация», «Agile тәсіліне негізделген жобаларды басқару», «Бизнесті зерттеу және басқалар» деп аталатын пәндерді игеріп шықты.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы