Рус

Жаңалықтар

«ЖЫЛ АДАМЫ-2022» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Әртүрлі саланың үздігін анықтап, кәсібімен ерекше көзге түскен саңлақтар таңдалатын «Жыл адамы – 2022» байқауында өзенмұнайгаздық екі азамат лайық деп танылды.

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Қуаныш Бекмағанбетов «Жылдың үздік экономисі», №1 МГӨБ директоры Жеңісбек Сүлейменов «Жылдың үздік мұнайшысы» номинациясы бойынша марапатталды.

Еліміздің еңселі болуы үшін еңбектеніп жүрген жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов құттықтап, экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатты жақсарту жолында еңбектеріне алғысын білдірді.

«Жыл адамы» қалалық байқауы жыл сайын ұйымдастырылып, Жаңа жыл қарсаңында қорытындыланады.

Марапат құтты болсын, әріптестер!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы