Рус

Жаңалықтар

8 НАУРЫЗ

Салтанатты шарға қатысқан бас директор Нұрдәулет Қилыбай бастаған бір топ басшы азаматтар мен кәсіподақ төрағалары Бекқали Уақбаев пен Сәбит Төкеновтер қыз-келіншектерге көл-көсір лебізін білдірді.

–Адал жар, аяулы ана, өнегелі әже болумен қатар Өзен кен орны кез келген саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып, ер-азаматтармен бірге үзеңгілес еңбек етіп жүрген Сіздерге дән ризамын. Компания қоғамдық өміріне де белсенді араласып, өнер, спорт, білім сайыстарына қатысып, «Өзенмұнайгаз» намысын қорғап, абыройын асқақтатып жүрген Өздеріңізге бас директор ретінде шексіз алғысымды білдіремін. Көктем қызғалдағындай құлпырып, жайнап, жарқырап, ырысыңыз асып, күш-қуатыңыз тасып, арамызда жемісті еңбек етіп жүре беріңіз. Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін! - деді Нұрдәулет Игілікұлы.

Ел ырысын еселеу жолында ерен еңбек етіп жүрген бір топ маман бас директордың Құрмет грамотасы мен басқару аппараты кәсіподақ төрағасы Алғыс хатымен марапатталды.

Мереке иелері құрметіне арнайы шақырылған әнші Мәлік Жамбылұлы әннен шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Көктем қызғалдағындай құлпырған нәзік жандылар швед үстелінен дәм татып, азаматтарға ризашылығын білдірді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы