Рус

Жаңалықтар

ОТПАН ТАУДА «ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» ЖАСТАРЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Көктем келіп, күн жылына бастағаннан, өзенмұнайгаздықтар қоршаған ортаның тазалығына кірісіп кетті. Биылғы жылдың алғашқы сенбілігін «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде ұйымдастырды. Амал-көрісу тойының алдында 16 басқармадан жиналған 50-ге жуық маман кешеннің аумағын қоқыстан тазартып, тарихи орынның көркеюіне өз үлесін қосты.

– Отпандағы Амал тойы ел – жұрттың басын қосып, татулықты арттырып, ауызбіршілікті нығайтады. Бүгінде халықаралық деңгейде тойланатын мерекеге экологиялық шарамен үлес қосуды жөн көрдік. Жігіттермен таза ауада бірлікте жұмыс істедік, бірнеше қап қоқыс жинадық, түскі ас іштік, сұхбаттастық, музей араладық, – дейді Жұршылық және мемлекеттік органдармен байланыс бөлімі маманы Арғын Бисенов.

Сенбілікке қатысқан №3 МГӨБ операторы Нұржан Исаев, мұндай шаралар тек табиғатқа қана емес, таным кеңеюіне де пайдалы екенін айтты. Өлкедегі керемет жермен және әріптестермен танысып, коммуникация орнатуға септігін тигізеді.

Компания «Бекет Ата», «Шопан Ата», «Темір Баба» секілді тарихи орындарды сақтау, көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын үнемі назарда ұстайды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы