Рус

Жаңалықтар

ЖҰМЫЛА ЖҰМЫСТАНУ – ТАБЫС КІЛТІ

Компания басшылығы Мұнай өнеркәсібі құралдарын және телекоммуникацияларды жөндеу басқармасы еңбек ұжымымен кездесті.

2022 жылы акционерлік қоғамда атқарылған жұмыстардың негізгі көрсеткіштерінің орындалысы есебі баяндалып, басқарма директоры Нұрберген Союнов жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсартуға қатысты ұсыныс-тілегін жеткізді.

– Былтыр «Өзенмұнайгаз» үшін аса табысты жыл болды деп айта алмаймыз. Өкінішке орай шығын жыл өткен сайын өсіп, табыс әлемдік мұнай бағасына тікелей байланысты болып тұр. 2023 жылы бекітілген мұнай өндіру жоспарын артығымен орындап, қаржылық әлеуетін жақсартуға бәріміз жұмыла жұмыстануымыз керек. Келер ұрпақтың еншісіне табысты мекемені табыстау біз үшін ең бірінші кезектегі мақсат болуы тиіс, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы