Рус

Жаңалықтар

КЕН ОРЫН ДАМУЫНА ӨЛШЕУСІЗ ҮЛЕС ҚОСҚАН ГЕОЛОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Өндірістік блок мәжіліс залында Геологтар күні кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Шараға бас директордың бірінші орынбасары Нұржан Әбдірахманов, геология және игеру жөніндегі орынбасары Шолпан Пангереева қатысып, Өзен, Қарамандыбас кен орындарын игеруге өлшеусіз үлес қосып жүрген сала мамандарына табыс тіледі.

– Қадірлі әріптестер! Кәсіби мереке құтты болсын. Киелі топырақта ерен еңбек етіп, ел игілігі үшін тер төгіп жүрген Сіздерге мереке күні қандай тілек айтсақ та жарасады. Өзен кен орны дамуына өлшеусіз үлес қосып, бірлігі жарасқан, бақыты мен дәулеті тасыған компания ырысын еселеп жүрген Өздеріңізге шексіз алғысымды білдіремін, – деді Нұржан Базарбайұлы.

Мұнай-газ саласы дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ геолог ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен марапатталды.

Өз кезегінде Шолпан Серікбайқызы марапаттың адамға қанат бітіріп, жігер сыйлайтынын айтып, көсіліп жұмыс істеуге мүмкіндік жасап отырған басшылыққа ризашылығын білдірді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы