Рус

Жаңалықтар

«Берали Мангистау Company» ЖШС қызметкерлерімен жағдай бойынша баспасөз мәлімдемесі

А.ж. 1-3 сәуір аралығында Жаңаөзен қаласындағы «Берали Мангистау Company» ЖШС өндірістік базасында күн сайын 100-ге жуық қызметкер жиналды.

Қызметкерлер жиналуының себебі жұмыс берушінің а.ж. 3-сәуірінен бастап «Өзенмұнайгаз»АҚ-мен ұңғымаларды жерасты жөндеу жөніндегі шарт мерзімінің аяқталуына байланысты қызметкерлерді жұмыстан шығару процесін бастау ниеті туралы хабарлауы болды. Қызметкерлер оларды одан әрі жұмысқа орналастыру мәселесін, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ штатына ауыстыру арқылы шешуді талап етуде.

15.02.2023 жыл «Өзенмұнайгаз» АҚ «Ұңғымаларды жерасты жөндеу жұмыстары» 4 лот бойынша ашық тендер жариялады, «Берали Мангистау Company» ЖШС 2 лотқа өтінім берді. Қорытындыларды қайта қарау хаттамасына сәйкес 4 лот бойынша тендердің жеңімпазы «КезБи» ЖШС болып танылды.

Конкурстық рәсімдерге сәйкес конкурс жеңімпазы «Кезби» ЖШС еңбек жағдайларын сақтай отырып, босатылған қызметкерлерді штатқа қабылдауға дайын. Алайда, 2 сәуірде «Берали Мангистау Company» ЖШС-нің 80 қызметкері өндірістік базаға жиналып, өз компаниясын тендердің жеңімпазы деп тануды талап етті.

4 сәуірде 100-ге жуық жұмыстан босатылған ЖШС қызметкерлері «Өзенмұнайгаз» АҚ ғимаратының алдына жиналып, ҚР Президентінің атына бейнеүндеу түсірді. Жұмыстан босатылған қызметкерлермен «КезБи» ЖШС-нің бас заңгері және кадрлар бөлімінің басшысы кездесіп, оларды өз акцияларын аяқтауға және «Берали Мангистау Company» ЖШС-де жұмыс істеу кезеңінде болған шарттармен жұмысқа кірісуге шақырды. Алайда, «КезБи» ЖШС өкілдерінің ұсынысы қабылданбады.

Сондай-ақ, «Өзенмұнайгаз» АҚ қосымша жұмыс орындарын құру мақсатында жоғарыда көрсетілген 4 лоттан үнемделген қаражатқа 5 компаниядан коммерциялық ұсыныстар сұратып, олардың бірі - ең аз соманы ұсынған «Ай-Бис» ЖШС-мен шарт жасасты. Ал 6 сәуірде «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директоры және «Ай-Бис» ЖШС директорының орынбасары қайтадан жиналған қызметкерлермен кездесті, жиналғандарға «Ай-Бис» ЖШС-не бұрынғы еңбек шарттарымен ауысу ұсынылды, алайда «КезБи» ЖШС-нің ұсынысы сияқты ұсыныс қабылданбады.

Біз қызметкерлерді құқықтық салада әрекет етуге және тендерлердің жеңімпаз компанияларына ауысу мүмкіндігін қарастыруға шақырамыз.

«Өзенмұнайгаз» АҚ, Жұртшылықпен және мемлекеттік органдармен байланыс бөлімі

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы