Рус

Жаңалықтар

ГЕОЛОГТАР КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ШЫҢДАДЫ

Компанияның білімді де тәжірибелі мамандары Абзал Аманиязов, Әділжан Бекбаев, Бақтыгүл Ысқақовадан құрылған ішкі тренерлер тобы Кен орынды игеру департаменті бастамасымен тұңғыш рет инженерлер біліктілігін арттыру мақсатында тренинг ұйымдастырды.

12-13 сәуірде Зерттеу жұмыстар цехы скважиналарды зерттеу инженерлері Ақтау қаласы ҚазҒЗЖИ ғимаратында «Гидродинамикалық зерттеу жұмыстар – динамометрлеу» тақырыбы бойынша кәсіби шеберлігін шыңдады. Оқу процесі интерактивті түрде өткізілді, яғни теориялық ұғымдар практика процесімен ұштастырылды.

Алдағы уақытта Мұнай-газ өндіру басқармасы геологтары мен технологтарының біліктілігін арттыру мақсатында осы форматта оқыту тренингтер өткізу жоспарланды.

Шара геологтардың өзара сенім мен достығын нығайтты.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы