Рус

Жаңалықтар

№2 МГӨБ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

№2 МГӨБ еңбек ұжымы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, ұйымшылдықпен сенбілікке шықты. Қатысушылар басқарма аумағын қоқыстан тазартты. Талдар түбі әктеліп, қисық өскен бұтақтар кесілді.

– Аталған шараға бір кісідей ат салысқан әріптестеріме алғыс білдіремін. Тәртіпке бағынған көптің кем болмайтыны, көрінген жаққа тартып, берекесі қашқан ұжымның ел болмайтыны белгілі. Мұнайшылар сенбілік ұйымдастыру арқылы ұжым ауызбіршілігі мен ішкі коммуникациясын дамытуға қомақты үлес қосты, – деді №2 МГӨБ директоры Мереке Құлбеков.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы