Рус

Жаңалықтар

ЖҰМЫС ТОБЫ АПТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы бұйрығымен құрылған жұмыс тобы алғашқы апталық қызметін қорытындылады. 21-27 сәуір аралығында «Өзенмұнайгаз» АҚ мен мердігер мекемелерде анықталған құқық бұзушылықтар жайында жұмыс тобының жетекшісі Дәулетжан Хасанов «Мұнайшы» мәдениет үйінің кіші залында ұйымдастырылған баспасөз-конференцияда мәлім етті.

– Жұмыс тобы апта ішінде «ӨМГ» АҚ қарасты 12 өндірістік басқарма, яғни 90 объектіде және 6 мердігер ұйымдарда болып, жалпы 1096 адаммен сұқбат жүргізді. Өндірістік, кадрлық мәселе, жабдықтау, әлеуметтік және еңбек жағдайы бойынша 1638 сұрақ жиналды. Оған қоса 21 маңызды ереже және заңға сәйкессіздіктер анықталды, – деді Д.Хасанов.

Жаңаөзендегі мұнай өндіруші кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру шеңберінде құрылған топ екі бағытта әрекет етіп жатыр. Бірінші топ кәсіпорындардың ішкі құжаттары, сатып алу мен қаржылық қызметін тексерумен айналысса, екінші топ өзекті мәселелерді анықтау мақсатында жұмысшылармен қызмет орнында кездесулер өткізіп, коммуникация орнатады.

Тексеру-талдау жұмыстары алдағы 3 апта бойы жалғасады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы