Рус

Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жұмыс тобының қатары мемлекеттік қызметкерлермен толықты

Бұл туралы топ жетекшісі Дәулетжан Хасанов мәлім етті.

10 мамыр күні «Өзенмұнайгаз» АҚ және мердігер мекемелерде тексеру жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен 16 адам, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінен 6 адам келді. Олар маманданған бағытына қарай мұнай компанияларындағы әлеуметтік нысандар: тұрмыстық-шаруашылық кешендер, асханалар, вагондарды аралап, өнеркәсіптік қауіпсіздік, экологиялық жағдаймен танысып, алаңсыз еңбек ету жағдайының дәрежесін анықтайды.

– Министрлік сарапшыларының тексеріс уақыты 7-10 күнге жоспарланып отыр. Олар екі-үш адамнан топтасып жұмыстанатын болады. Күн сайын әр топтан түсетін есеп пен ұсыныстарды ескере отырып, дұрыс шешім шығарылатын болады. Аталмыш шаралардың бәрі мұнайшылар үшін ыңғайлы еңбек жағдайын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда, – деді Дәулетжан Хасанов.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы