Асылбек Сырлыбаев 1945 жылы түрікмен елінде дүниеге келген.
1948 жылы Ақтөбе облысы, Жаңатаң ұжымшарына коныс аударып, сонда 1953 жылға дейін тұрған.
Еңбек жолын «Маңғышлақмұнайгаз» барлау тресінің «Өзен» мұнай барлау экспедициясында бастап, 1965 жылға дейін бұрғылау жабдықтарын жөндеуші слесарь, ұңғыларды игеру цехының моторисі болып жұмыс істеген.
1965-1970 жылдар аралығында «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің жолдамасымен Алматыдағы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында оқып, тау-кен инженері мамандығы бойынша «Узеньнефть» басқармасына жұмысқа қабылданып, 1970-1972 жылдар аралығында осы басқармаға қарасты Теңге кен орнында газ өндіру бөлімшесінің бастығы қызметін атқарған.
1972-1996 жылдары Жаңаөзенде құрылған Маңғыстау газ өндіру басқармасында бірқатар жауапты қызмет атқарған.
1996-1999 жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ газ өндіру және өңдеу бойынша вице-президенті лауазымында болған.
1999-2007 жылдары «Газ өндіру және тасымалдау» басқармасының директоры, 2007-2008 жылдары «ҚазГӨЗ» ЖШС директорының кен орындарын игеру және геология жөніндегі орынбасары лауазымын абыроймен атқарған.
Асылбек Сырлыбаевтың тікелей араласуымен 1974-2001 жылдары Батыс Теңге, Қарамандыбас, Тасболат, Ақтас, Оңтүстік Жетібай, Қаламқас, Шығыс Өзен газ кен орындарындағы скважиналар газ жинау және дайындау қондырғыларымен жабдықталып, өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
Осындай ісі үшін оны замандастары әзіл – шыны аралас «Қазақстанның нөмірі бірінші газовигі» деп атап кеткен.
2009-2012 жылдары «Өзенэнергиясервис» МКК директорының электр энергиясын тасымалдау, үлестіру және өткізу бойынша орынбасары, директоры қызметтерін атқара жүріп, электр энергиясының ысырабын 22 пайыздан бекітілген нормативтік 5 пайызға дейін азайтуға қол жеткізген.
2014-2018 жылдары «Электр жүйелері» серіктестігінде электр энергия тарату бөлімінің басшысы, келісімшарт жасақтау және талап қою жұмыстары қызметінің басшысы болған.
1987-1989 жылдары Жаңаөзен қалалық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болған.