25.03.2024 жылы арнаулы аяқ киімге қатысты компания қызметкері тарапынан түсіріліп, әлеуметтік желіде таралған бейнероликке түсіндірме:
26.03.2024 жылы Қоғамның Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің мамандары бейнеролик түсірілген № 2 МГӨБ қарасты №43 топтық қондырғысына арнайы барып, бейнеде көрсетілген аяқ киім осыдан 10 жыл бұрын, яғни 2014 жылы шығарылғанын анықтады.
Еске сала кетейік, Қоғам жұмыскерлері жылына 2 рет жаздық ( сақтау мерзімі 2 жыл), екі жылда бір рет қыстық арнаулы аяқ киіммен қамтамасыз етілетінін қаперіңізге береміз.
Құрметті әріптестер! Жағдайдың анық-қанығына жетіп, түсіністік танытқаныңызға рахмет!